Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Білім саласы
6B11 Қызмет көрсету

Дайындық бағыты
6B111 Қызмет көрсету саласы

Білім беру бағдарламаларының тобы
B093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

БББ мақсаты:

Мейрамхана және қонақ үй бизнесі үшін қазіргі заманғы экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кәсіби және әлеуметтік құзыреттерге ие жоғары білімді бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау

Мейрамхана және қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының қызметін санитария, гигиена, экология және тұрақты дамыту талаптарын сақтап, инфрақұрылым мен басқару қағидаттарын қолдана отырып түсіну мен білуге негізделеді

Мейрамхана және мейманхана бизнесінің сервистік қызметін жоспарлайды және ұйымдастырады

Кәсіптік қызметте экономика, кәсіпкерлік, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық негіздерін білуді қолданады

Математикалық талдау және математикалық білімді қолдана отырып, мейрамхана және мейманхана бизнесі кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметіне басқарушылық есеп және талдау жүргізеді

Әлем халықтарының тамақтану дәстүрлері мен мәдениетін ескере отырып, қонақжайлылық индустриясының тамақтану кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастырады

Мейрамхана және мейманхана бизнесі саласында фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктер туралы білім мен түсінікті және қарсылықтарға сындарлы қатынасты қалыптастыру дағдыларын қолдана отырып, кәсіпорындардың тәуекелдерін басқарады.

Қаржы-экономикалық талдау және бизнес-жоспарлау негізінде тиімді басқару шешімдерін жүзеге асырады

Ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдылары туралы білімін кәсіби қызметте қолданады, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып ғылыми пайымдауларды қалыптастыру және мейрамхана және мейманхана бизнесінің қызметін жетілдіру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асырады

Мейрамхана және мейманхана бизнесі кәсіпорындарында өндіріс процесін ұйымдастырады және жетілдіреді

Қазақ, орыс және шет тілдеріндегі коммуникация арқылы тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың кәсіби міндеттерін шешеді

Кәсіби қызмет саласында заманауи техниканы, жасанды интеллекті, ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдаланады

Мейрамхана және мейманхана бизнесі кәсіпорындарында қосымша қызметтер мен іс шаралар бағдарламаларын қалыптастырады және іске асырады

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

  • Ұйымдастырушылық
  • Басқарушылық
  • Өндірістік
  • Технологиялық
  • Ғылыми- зерттеушілік
  • қонақ үй және мейрамхана бизнесі кәсіпорындары;
  • қонақ үй және мейрамхана бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік мемлекеттік органдар;
  • зерттеу ұйымдары мен зертханалары;
  • ҒЗИ;
  • колледждер, ЖОО-лар

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз